Предпросмотр файла:
Сабақтың тақырыбы: Мен мектептемін.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: берілген тақырып аясында оқушылардың білімдерін толықтыру, жүйелеу, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталау. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Буынды, етістікті пысықтау.
2. Дамытушылық: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
3. Тәрбиелік: сабаққа деген ынтасын арттыру. Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы.
Сабактың әдістері: сұрақ — жауап, әңгімелесу, класстер, фонетикалық жаттығу, тапсырмаларды орындау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, жаңа сөздер, мәтін жазылған парақтар, слайд, видео, қоржын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
— Қайырлы күн, балалар!
— Қайырлы күн, мұғалім!
— Балаларым, қане, шеңберленейік. Күллі әлемге күннің қайырлы болуын тілейік.
— Қайырлы күн!
— Қайырлы күн көк аспан!
— Қайырлы күн жер ана!
— Қайырлы күн қонақтар!
— Қайырлы күн достарым!
— Біздің күніміз сәтті өтсін! Шашу.
(С помощью данного диалога наблюдается психологическая сплоченность коллектива).
— Мен де барлықтарыңызға сәттілік тілей отыра, сабағымды бастайын.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
— Етістіктің шақтарын қайталау.
Блиц-сұрау:
— Қане, кім айтады етістік дегеніміз не?
— Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
— Етістіктің қандай шақтары бар?
— Осы шақтың қандай түрлері бар?
— Нақ осы шақ қалай жасалады? (отыр, жүр сөздерін жіктету)
— Өткен шақ формасында айт сөзін кім жіктеп береді?
— Келер шақ формасында кел сөзін жіктейік.
III. Жаңа сабаққа даярлау:
— Балалар біз бүгін сендермен «Мен мектептемін» атты жаңа модульді бастаймыз. Қане, кім айтады, мектеп дегеніміз не? Мектеп сөзіне класстер жасап көрейікші. Ол үшін алдарыңда жатқан қима қағаздарға өз сөздеріңді
жазып, мына жерге алып келіп орналастыра қойыңдар.
Алтын ұя.Екінші үй .Оқушы. Мұғалім.Сынып.Алғашқы қоңырау. Соңғы қоңырау
— Жақсы, сендер толтырып болсаңдар, мен мына қоржыннан алып тағы да сөздер қосайын. Жазғанымызды дауыстап оқиық. Сонымен біз мектеп сөзіне қысқаша анықтама бердік.
-Енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.
Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
IY. Жаңа тақырып:
1. Сөздікпен жұмыс:
— Айтыңдаршы, мектепке қатысты тағы қандай сөздер білесіңдер? Ол үшін мына қоржыннан суреттерді алып, олардың атауларын айтып тақтада ілініп тұрған мектеп суретінің айналасына жапсырамыз. Сөздерді дауыстап оқып, дәптерімізге жазып отырайық.
(оқушы, мұғалім, журнал, кітап, дәптер, қалам, қарындаш, күнделік, пенал, сызғыш, өшіргіш, бор, тақта, парта, орындық, кабинет, спорт залы, акт залы, асхана, кітапхана, мұғалімдер бөлмесі, повяска, папка, кесте, сағат, қоңырау)
-Жақсы, ал қазір барлығымыз тақтаға қарайық, сабағымыздың жаңа сөздерін мұқият тыңдап, сөздік дәптерімізге жазып алайық.
-жаңа сөздердің оқылуымен, аудармасымен таныстыру.
-оқушыларға хормен оқыту.
-жекелеп кезекпе-кезек оқыту.
-осы сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрату.
жабдықталған — укомплектован
қызықты – интересно
құрастырамыз – составляем
2. Мәтінмен жұмыс:
-мәтіннің оқылуын аудиотаспадан тыңдату.
-оқушыларға кезекпен оқыту.
-мәтінді аударту.
Бүгін бізде бес сабақ. Бірінші сабақ — қазақ тілі, екінші сабақ -математика, үшінші сабақ — ағылшын тілі, ал төртінші, бесінші сабақ — дене шынықтыру. Қазақ тілі сабағы екінші қабатта, №203 кабинетте болады. Кабинет жақсы жабдықталған. Біз қазақ тілі сабағында жазамыз, оқимыз, аударамыз, сұраққа жауап береміз, диалог құрастырамыз, сурет бойынша әңгімелейміз, ереже жаттаймыз, жаңа сөздер үйренеміз. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
-Мәтінге ат қою.
-Мәтіндегі 5-сөйлемді буынға бөліп көшіріп жазу.
-Мәтіндегі 6-сөйлемнен етістіктерді тауып сұрақ қою.
4. Топпен жұмыс: (3 топқа бөлу)
Видеофильм.
-Қазір барлығымыз шағын видеофильмге назар аударайық.
-Біз жаңа видеофильмнен нені тамашаладық?
-Біздің мектеп қандай?
-Балалар мектепте не істейді?
-Сендер мектепке не үшін келесіңдер?
-Мектепте не істейсіңдер?
Y. Сабақты қорытындылау:
Олай боса, қазір алдарыңда берілген сөз тіркестерін қатыстырып, өлең жолдарын құрастырып шығыңдар.
Қолға қалам аламыз, біз мектепке барамыз.
Суретті де саламыз, кітапты да оқимыз,
Кітаптармен достасып, қалам, дәптер, өшіргіш,
Кілең бестік аламыз, жақсы оқып сабақты.
(Біз мектепке барамыз, қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз, суретті де саламыз.
Қалам, дәптер, өшіргіш, кітаптармен достасып,
Жақсы оқып сабақты, кілең бестік аламыз)
YI. Сабақты бекіту:
-Сонымен, балалар, бүгін біз сабақта не істедік?
-Қандай модульді бастадық?
-Қандай тақырып өттік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Мәтінде не туралы айтылды?
YII. Үйге тапсырма:
80-бет 4-тапсырма. Өз мектебің туралы шағын әңгіме жазу, әңгімені мазмұндау.
YIII. Рефлексия:
Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.