Компьютерлік графика және оның түрлері

Предпросмотр файла:

Берілген уақыт

Пәні: Информатика

Мерзімі:

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Компьютерлік графикажәне оның түрлері

Сабақтың реті:

24-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Компьютерлік графикамен танысу арқылы графиканың түрлері туралы өз ойларын ортаға сала отырып білімдерін жетілдіреді.

Оқу нәтижелері:

  • Компьютерлік графика туралы толық біледі;

  • Компьютерлік графикада жұмыс істеу қабілеті артады;

  • Компьютерлік графика түрлерін ажырата біледі;

  • Өз ойларын еркін жеткізе білуге, оқушылар есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды;

-Ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып,

бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді.

Түйінді идеялар:

Оқушылар «Компьютерлік графика» туралы білімдерін шыңдайды. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Топ арасында формативтік бағалау нәтижесінде ынталандыру жүргізіледі;

Сабақтың типі:

Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері

Сабақтың түрі

Сабақтың типі

Дәстүрлі сабақ

Аралас сабақ

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

ООЖТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісі,

Шаттық шеңбері, күту ағашы, ой қозғау, құндылықтар спекторы, алты басты айдаhар, бірлік, көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар, көңіл-күй қоржыны әдістері.

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер.

І Қызығушылығын оятукезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

3 мин

1-әрекет .

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. «Қарама-қарсы» сап арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру.

Оқушылар бір­-бірінің қолын алып, тілек айту арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады.

1 мин

2-әрекет. «Күту ағашы» әдісі бойынша бүгінгі сабақтан күтетіндерін анықтау.

Оқушылар тақтадағы күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі.

1 мин

3-әрекетКомпьютерлік графиканың түстер тобы арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

  1. RGB түстік моделі.

  2. CMYK түстік моделі

  3. HSB түстік моделі.

Оқушылар таңдаған түстері арқылы 3 топқа бөлінеді.

5 мин

4-әрекет.Жеке, жұппен, топпен жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша оқушылар. Топтарына берілген атаулардың мағынасын ашады

Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды. Өз ойларын А4 параққ түсіріп дайындайды. Ұжымға жариялайды.

5-әрекет.Ұжымдық жұмыс: Ой қозғау әдісі бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын болжау.

«Түстер» болмаса, «Графика туралы» — деп жауап берулері мүмкін.

ІІ Мағынаны ажырату кезеңі:

15 мин

6-әрекет.Топтық жұмыс:Ой тастау. Болжау әдісі.

Компьютерлік графика туралы не білесіңдер? постер жасайды.

Тыңдап отырған үштік әдіс

Енді компьютерлік графика дегенімізге анықтама беріңдер?

Жеке, жұптық, топтық жұмыс: жұпта, топта талқылап, түсінгендерін постерге түсіреді, жариялайды.

3 мин

7-әрекет: Жеке жүмыс «Алты басты айдахар» әдісі бойынша

Жаңа тақырыпты меңгергендерін, түсінгендерін анықтау.

Оқушылар өздері жеке – жеке бояйды қаншалықты меңгергенін.

2 мин

8-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Ойсергек «Сергіту сәті» бейнебаяндағы қимылдарға қарап жаттығу жасауларын ұсыну.

Оқушылар «Сергіту сәті» бейнебаяндағы қимылдарға қарап жаттығу жасап сергейді.

1 мин

9-әрекет: Жеке жұмыс: Үй тапсырмасын беру: Компьютерлік графика және оның түрлері туралы қосымша ақпарат әкелуді тапсыру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, сұрақтары болса қояды.

ІІІ Ой толғаныс кезеңі:

7 мин

10-әрекет. Топтық жұмыс: «Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар»әдісі арқылы пікірталас ұйымдастыру. Белсенді бір топтың мүшелеріне сұрақ қоюды тапсыру, ал қалған топ сол сауалдарға жауап берулеріне мүмкіндік беру.

Белсенді бір топтың мүшелері екі топқа сауалдар қойып жауап алады, қорытындысын шығарады.

  • Сабақта қандай тапсырма қиын болды?

  • Сабақта нені білдім,қандай жаңа нәрсе үйрендім?

  • Компьютерлік графиканың анықтамасы қандай?

  • Бір – бірінен айырмашылығы қандай?

  • Растрлық графика бағдарламаларын ата?

  • Векторлық графиканың бағдарламаларын ата?

  • Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?

  • Сабақ сіздерге қандай ой тастады? – оқушылар осы сұрақтарға жауап береді.

4 мин

11-әрекет. Кім шапшаң. Оқушыларға техникаға байланысты А М К Ж П Р деген әріптер беріледі.

Дарынды оқушылар тез айтады, орта деңгейлі оқушылар кідіріп қалады.

.

1 мин

12-әрекет. «Көңіл-күй қоржыны» әдісі арқылы оқушылардың көңіл күйлерін білу.

Оқушылар алдарында тұрған смайлдар арқылы өздерінің сабақтан кейінгі көңіл-күйлерін білдіреді

2 мин

13-әрекет. «Күту ағашы» әдісі арқылы кері байланыс орнату. Стикер тарату.

Оқушылар бүгінгі сабақтан күткендерін стикерге жазып «Күту ағашына» іледі.

Мұғалімі

Малыбаева Гульмира Адильбаевна

Понравился материал? Поделиться:
Классный учитель