Предпросмотр файла:
№3 Қазақстан тарихы 7сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы: Батыс түрік қағанаты 603-704 жылдар
Мақсаттары: Батыс Tүpiк қағанатының жер аумағын, қоғамдық саяси тарихын жан- жақты таныстыру , оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым — қатынаста қолдана алу
Міндеттер:
1.Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы мен қорамдық құрылысындағы ерекшелiктер туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға, өз көзқарастарын бiлдiруге дағдыландыру;
2. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
3.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
4.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар:
1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Өткізілу әдісі: СТО технологиясы
Әдіс – тәсілдері: топтық жұмыс, зерттеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Қызығушылықты ояту (Үй тапсырмасын тексеру)
Тапсырма №1 Жылдармен жұмыс.
жылдар оқиғалар
542ж.
545ж.
552ж.
552 ж.
552 — 554ж.
570 — 580ж.
555ж.
563 — 567ж.
VІғ. 70ж.
Тапсырма №2 Кім? Қашан? Қалай? Тұлға аты
Оқиға болған жыл. Болған оқиғаның қысқаша мазмұны.
Бумын-
552 — 554ж. ж.-
10мың түменмен батысқа жорықтар жүргізіп, Арал теңізіне жетіп, Қытайдан Әмударияға, Ташкенттен Сырдарияға дейін жаулады.-
VІғ. 70ж.-
Түріктер Орхонның жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді.-
Ой қозғау
Түрік қағанатының халқы.
Қағанаттың ыдырау себебі.
Бірінші себебі Екінші себебі Нәтижесі.
Мағына тану. Карта арқылы батыс түріктің иеленген территориясын таныстырып, жаңа тақырыпқа ену.
Жер аумағы: шығыста Алтайдан бастап, батыста каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатты.
Орталығы — Шу өзеннің бойындағы Суяб ;
Жазғы ордасы -Мыңбұлақта орналасты (Қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі)
-
Сондай бір таласта 634 жылы нушиби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс билікті өз қолына алдады. Ол елді басқаруды қайта құрып, «он тайпа»-«он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Қағанның он-оқ, он түменнен (әр түменде 10 мың қол) тұратын әскери жасағы болды. «Бұдун» сөзі ел, халық деген ұғымды білдіреді.
Қағанаттың негізгі этникалық – саяси ұйтқысы «он тайпа» он-оқ бұдун .
-
Қағанаттық әлеуметтік құрылымы
-
Қаған
-
Қаған сайлаған ұлықтар
-
Ябғу, шад, елтебер, бұрық, тархан
-
Бектер
-
Қара бұдындар
Сыныпты 4 топқа бөліп жұмыс жасату.
1 топ оқулықтан «Қағанаттың саяси жағдайы» тақырыпшаның мағынасын ашу;
2 топ оқулықтан «қағанаттың әлсіреуі» тақырыпшаның мағынасын ашу;
3 топ оқулықтан «қағанаттың әлеуметтік жағдайы» тақырыпшаның мағынасын ашу;
4 топ «Шығыс түрік қағанаты » тақырыпшаның мағынасын ашу;
Тапсырма: 1. Жеке оқы/2мин /
2.Жұппен жұмыс/2мин/
3. Дәптерге жазу/2мин /
4. Сыныпта қорғау /2 мин/
III Ой қорытынды
Сөздікпен жұмыс.
Селиф —
Буйрық —
Тархан —
Бектер —
Қара бұдун —
Ягбу, шад, елтебер
IV Бағалау: /3мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты-жөні |
Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала |
Белсенділігін бағала |
Мұғалімнің бағалауы |
|
|
|
Ү. Үйге тапсырма:
2- параграфты оқу, карта мен жұмыс, №1 кестені толтыру.
Қосымша тарихи деректердi пайдаланып, қағанаттың шаруашылығы мен сауданың дамуына қатысты шағын әңгiме жазып келу (Н.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы», 113-б.).