$27.Семей ішкі округіні? ??рылуы. 8 сынып,?аза?стан тарихы

Предпросмотр файла:

8 сынып Қазақстан тарихы 11.02.2016жыл

Сабақтың тақырыбы: $27.Семей ішкі округінің құрылуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қорытындылау сабағында халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі — қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт — дәстүрлерді сонымен қатар саяси экономикалық жағдайын түсіндіріп бойларына сіңірту.
Білімділік: Қазақ халқының ұлттық әдет – ғұрпы мен салт — дәстүрлері, қазақтардың саяси — экономикалық жағдайлары туралы кең көлемді мағлұмат беру.
Дамытушылық: өй — өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика — эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан — жақты білімді болуға, салт — дәстүрді, әдет — ғұрыпты, саяси экономикалық жағдайларын құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс — тәсілдері: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, талдау, интерактивті, сұрақ — жауап.
Көрнекілік — құралдар: Оқулық, интерактивті тақта, слайд
Жаңа сөздер: Міндеткерлер, Жол жөндеу салығы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, түгендеу. (2минут)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (15 минут)
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары
Қазақ халқының әдет — ғұрпы мен салт — дәстүрлері
Әрбір топтан оқушылар сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Интерактивтік тақтада көрсетілген класстердің ішіндегі жануарлардың пірлерін атап беруі тиіс. 3 топқа сұрақтар қоямын.
1 топқа сұрақ
1 топтың жауабы
Түйе — Ойсыл қара
Қой — ешкі — Шопан ата
Сиыр — Зеңгі баба
Жылқы — Қамбар ата.
2 топқа сұрақ
Қазақтардың ойын — сауық түрлерін атап, олардың мағынасын қарастырамын.
2 топтың жауаптары:
Көкпар — ер адамдардың кеңінен тараған ойының түрі. Жылқының үстіне мініп, екі топқа бөлінеді. Серкенің терісін шеңбер құрып, соның ішінен тартып алған топ жеңеді.
Қыз қуу — ер жігіт пен қыз бала атқа шауып жөнеледі. Ер жігіт қызды қуып жетіп, бетінен сүйіп алуы тиіс.
3 топқа сұрақ:
3 топтың жауабы:
Өз туыстарының бірі бірінің баласын бауырына басып немесе асып алу деген мағынаны білдіреді.
Тамыр болу дегеніміз — мәңгілікке дос тату болуға ант беруді айтады. Оқушылар белсене қатысуы тиіс.
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен әдет — ғұрыптарын тағы да айта кетемін. Қазақтардың қонақжайлылығы мен өзара көмек көрсету әдет — ғұрыптары туралы оқушылардан сұраймын. Сонымен қатар өткен сабағымызды қорытындылап, жаңа тарау бастайтынымды айтамын.
ІІІ. Жаңа сабақ: (20 минут) Семей ішкі округінің құрылуы
Жоспар:
Округтік приказдардың құрамында схема бойынша дәптерлеріне жазғызамын.

Семей ішкі округы

·         1854 жылғы 9 мамырда «Семей облысын басқару туралы Ереже» шықты.

·         Аумағы-Омбы бекінісінен Өскеменге дейін созылған, ұзындығы 800 шақырым, ені 300-400 шақырым. Жаңа округ Томск губерниясы аумағында құрылып, Семей облысының құрамына енді.

·         Қазақтардың ішкі округке өту тәртібі: үкіметке ешқандай салық төлеген жоқ, өздерінің жеке басқару  құрылымы болмады,далада тұратын басқа қазақтармен араласуға тыйым салынды, шекара шебінен өткен жағдайда ремонт салығын төледі.

Округтік приказдың құррылуы. Бұл тақырыпты түсіндіргенде округтік приказды басқару құрылымының ерешеліктерін бейнелейтін сызба пайдаланылады:

Округтік приказды басқару құрылымы:

Округтік приказдың құрамы

Әкімшілік бөлініс және басқарушыларды сайлау тәртібі

Сот билігі және міндеткерліктер

  1. 1. Әскери бастық

  2. Аға сұлтан

  3. Үш орыс және бір қазақ заседатель

1.       Округ-болыс-ауыл.

2.       Басқару таза әскери сипатта болды.

1.       Дәстүрлі билер соты.Ресей заңдары негізінде ( билер қызметі округтік приказда бекітілді).

2.       Жасақ төлеу,15 сом күміс ақшамен үстеме және жол салу, келген шенеуніктерді киіз үй, отынмен қамтамасыз ету міндеттері.

1868жылы Семей ішкі округіы жойылып, оның аумағы Семей облысы Павлодар және Өскемен уездеріне қосылды. Тематикалық кестелер оқушылардың тарихи үрдістердің логикасын түсінуге көмектеседі. Осы кезеңде болған оқиғалар жөнінде айтқанда  оқушылардың білімін бақылау үшін  картаны пайлану керек.

Міндеткерліктер — Жергілікті халық міндетті түрде атқаратын қызмет түрі.
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, қорытындыға көшіп оқушылар мен бірге сұрақтарды талдаймыз.
ІV.Қорытынды: (3 минут). Қорытындылауға кітаптың 182 беттегі сұрақтарға жауап береміз, талқылаймыз. Қазақтар Ертістің оң жағалауына қай кезден көшіп — қонып бастады?
Семей ішкі округінің жойылған жылы?
Осы округ жабылған соң, Оның аумағы Павлодар және Өскемен уездері Омск округінің құрамына қосылғаның қорытындылап, бекітуде не себептен құралғаның оқушыларға түсіндіремін.
V.Бекіту (2 минут) Семей ішкі округінің құрылу себебі сол кезде, Ертістің оң жақ бетіндегі қазақтардың саны жылдан — жылға арта түскендіктен. Оқушылармен бірге талқылаймыз.
VІ.Үйге тапсырма (2 минут) §27 Семей ішкі округінің құрылуы оқу мазмұнына дайындалуларын айтамын. 182 беттегі кестені толтыруға беремін. Ол сұрақтардың 10 тапсырмасында берілгенің айтамын.
VІІ. Бағалау (2 минут)

Тексерген:

ДОТІЖО: Жумадиллаев Ж.А.

Понравился материал? Поделиться:
Классный учитель