Предпросмотр файла:
10.02.2015 ж 9-сынып Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығына енген шығармалары.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
ә) дамытушылық: білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын молайту, ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ (сайыс сабақ)
Сабақ түрі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау, топтастыру)
Сабақ көрнекілігі: кітаптар, газет қиындылары
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, еңбек
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру 2) Үй тапсырмасы
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі – оқулық деп қарап, бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінді. Оны 1876 жылдан бастап жазуға кіріседі.
Ондағылардың көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықты етіп аударды. «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынбор қаласында орыс әліпбиі негізінде жазылады.
«Қазақ хрестоматиясы» 4 тараудан тұрады.
-
Ұсақ әңгіме – ертегілер.
-
Үлкен кісілер арасындағы әңгімелер.
-
Әртүрлі өлең – жырлар.
-
Мақалдар.
Осы оқулықтағы шығармалармен қаншалықты таныс болғанымызды білу мақсатында бүгінгі сабақты сайыс түрінде өткізбекпін.
Ол үшін сыныпты үш топқа бөлдік. Топтарға Ыбырайдың ашқан мектептерінің есімдері берілді.
1 – топ «Бастауыш мектеп»
2 – топ «Қолөнер мектебі»
3 – топ «Ауылшаруашылық мектебі»
Сайыс мынадай түрлерден тұрады:
-
«Бинго» ойыны арқылы педагог-жазушының шығармашылығынан сұрақтар беріледі.
-
Ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.
-
Аудармалары бойынша суреттер көрсетіледі, сол сурет бойынша шығарманың тақырыбын айтып, мазмұнын түсіндіру.
-
Ел аузынан жинаған нұсқаларынан үзінді келтіру.
-
Кім көп мақал біледі?
-
Жұмбақтар жасыру.
«Бинго» ойынында қойылатын сұрақтар тізімі:
-
Ыбырайдың туған жері? Қостанай облысы, Затобол ауданы
-
Ыбырайды кім тәрбиеледі? Нағашы атасы Балғожа
-
Ыбырай оқыған орыс-қазақ мектебі қай қалада, қашан ашылды? Орынбор 1850 ж
-
Ыбырайдың орыс, шетел әдебиеті мұраларымен танысуына кімнің әсері болды? Профессор В.В.Григорьев
-
«Қазақтардың білімге қол жеткізетін ең басты құралы – мектеп», — деген сөзді айтқан кім? Ы.Алтынсарин
-
Ыбырай ашқан мектепке қанша бала қабылданды? 14 қазақ баласы
-
Ыбырай: «Мен балаларды оқытуға қойға шапқан қасқырдай өте қызу кірістім», — деген сөзін кімге жазған хатында айтады? Н.Ильминский
-
Тұңғыш рет қазақ қыздарына мектеп интернатты қайда, қашан ашты? 1887 ж Ырғызда
-
«Қазақ хрестоматиясы» қай жылы жарық көрді? 1879 ж
-
Ыбырай туралы кімдердің шығармасын білесің? а)Н.И.Ильминский «Ы.Алтынсарин туралы есте қалғандардан»
ә) ақын Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы» поэмасы
11. Ыбырай тағы қандай жерлерде мектеп үйлерін салдырды?
Оралда мұғалімдер даярлайтын мектеп ашты, Қостанай , Обаған, Жетісай қалаларында ерлерге ағаш ұстасының, қыздарға киім тігуді үйрететін қолөнер мектептерін ашты.
12. «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралы қандай алфавитпен жазылды?
Орыс алфавитімен.
13.Ыбырай қалай, қайда қайтыс болды?
Қостанай қаласының 3 шақырым жердегі «Тобыл» өзенінің бойында.
Үйге: деңгейлік тапсырмаларды орындау.