Қоғамның рухани негізі

Предпросмотр файла:

Сынып: 9а

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Тақырыбы: § 19 Қоғамның рухани негізі

Сабақ мақсаты:

-руханият, тұлғаның рухани мәдениет ұғымдарын ашу, руханияттың қоғам дамуымен байланысы, рухани дамудың мәдениеттегі рөлін түсіндіру; 

-топтастыру стратегиясын пайдалана отырып, оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-ұлтжандылыққа, адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге, рухани сұлулыққа

Күтілетін нәтиже: Елбасының 2017-жылғы «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын негізге ала отырып, рухани жаңғырудың мақсат-мүдделерін түсінеді.

Сабақ әдісі: топпен жұмыс, постер қорғау

Сабақ түрі: шығармашылық жаңа білімді игеру

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,өзін-өзі тану

Көрнекілік: интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Конституция

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру 1м

2.Үй тапсырмасын сұрау 15м

3.Жаңа сабақ 20м

4.Бекіту 5м

5.Үйге тапсырма 1м

6.Бағалау 3м

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады «Кубизм стратегиясы»

§ 18Азаматтық қоғам

1.Азаматтық қоғам дегеніміз не?

2.Азаматтық қоғамның негізін не құрайды және мемлекеттің негізін не құрайды?

3.Қоғамдық бірлестіктер қызметтерінің сипатына қарай нешеге бөлінеді?

4.Партия сөзінің мағынасы. Партия дегеніміз-

5.Саяси партияның өзге қоғамдық бірлестіктерден айырмашылығы

6.Қоғамдық ұйымдар дегеніміз не? Оларға не жатады?

7.Римдік шешен Цицеронның халық туралы айтқан ойы?

8.Қазақстанда қандай партияларды білесің?

9.Мемлекеттік билік тармақтарын ата

10.Мемлекетті басқару формалары нешеге бөлінеді?

Мұғалім сөзі.

Жаңа тақырып § 19Қоғамның рухани негізі

Кіріспе. Платон «Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние» деп айтып кеткен екен. Оқушылар осы даналық сөзде қандай мән жатыр?

Тақырыпты әрі қарай аша түсу үшін топтарға тапсырмалар бөліп беріледі.

Жаңа сабақ «РАФТ»стратегиясымен жұмыстарын қорғайды.

Р-Рөл А-Аудитория Ф-Форма Т-Тақырып.

1. Руханияттың қоғам дамуымен байланысы

2. Тұлғаның рухани мәдениеті

3. Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі

Бекіту. Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы.

Тапсырмалар беріледі. (Қазақ Киносынан үзінді көрсетіледі, және ақын өлеңдері беріледі.

М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты — 
Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар. 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 

М.Мақатаев «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем! …

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен

А.Құнанбаев «Сегізаяқ»

Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
                Надандар бәћра ала алмас.
                        Қиналма бекер, тіл мен жақ,
                        Көңілсіз құлақ — ойға олақ.

Үйге тапсырма тақырыпты оқу, кесте толтыру

«Сәйкестендір»

Адамның басшысы

Сабыр

Жетекшісі

Халық

Шолушысы

Арман

Қорғаушысы

Ақыл

Сынаушысы

Ар сақтау

Таусылмайтыны

Талап

Ең қымбаттысы

Ой

Бағалау

Кері байланыс.

Понравился материал? Поделиться:
Классный учитель