Машина жасау сызбалары туралы жалпы мәліметтер

Предпросмотр файла:

Сызу пәні

Тақырыбы:Машина жасау сызбалары туралы жалпы мәліметтер

Сабақтың мақсаты:А)Оқушыларға өндірістік бұйымдар,машина жасау сызбалары туралы мәлімет беру;машина жасаудағы стандарт туралы,нәрсенің өлшемдері мен элементтері және машина жасайтын материалдармен таныстыру .

Ә)Өз бетінше логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Б)Оқушыларды ұқыптылыққа,ептілікке,әсемдікке,іскерлікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі:Жаңа білімдерді меңгерту.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,әңгімелеу сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс

Құрал-жабдықтар:интерактивті тақта құрал-саймандар.

Пәнаралық байланыс:технология,бейнелеу өнері .

Сабақтың өту барысы .

1.Ұйымдастыру кезеңі .

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру,бекіту,бағалау.

А)Тілік дегеніміз не?

Ә)Тіліктер неше топқа бөлінеді?

Б)Аксонометриялық проекциялардағы тіліктер қалай орындалады?

В)Х,У,Z осьтері қалай орналасады ?

Г)Қима мен тіліктің айырмашылығы неде?

Жаңа сабақ:Машина жасау сызбалары туралы мәлімет.Бұйымдар туралы жалпы мәліметтер.Тетіктерді біріктіру туралы жалпы мәліметтер

Бұйымдар өндірістік мекемелерде дайындалғандықтан өндірістік бұймдар деп аталады.Бұймдар қажеттілігіне қарай негізгі өндірістік және көмекші өндірістік болып екіге бөлінеді.1) өндірістік бұйымдар бұрғылау станогы станок жасау зауытында жасалса ,ал осыған керекті бұрғылар аспап-құралдар зауытында жасалады.Көмекші өндіріске жататын бұйымдар: құрал-саймандар штамп,шаблондар тағы басқалар.

Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі-стандартында бұйымның мынандай түрлері тағайындалған :тетіктер,құрастырмалы бөліктер ,комплекстер , комплектер .

А)Тетік деп- бір текті материалдан құрастыру операцияларын орындамай дайындалған бұйымға айтылады.

Ә)Құрастырмалы бөліктерді дайындаушы кәсіпорында біріктірілетін бұйым құрастырмалы бірліктер деп аталады.

Б)Дайындаушы кәсіпорында құрастырылмаған бірақ өзара байланысты Эксплуатациялық қызметтерді атқаруға арналған екі және оданда көп арнайы бұйымдар комплекс деп аталады.

В)Дайындаушы кәсіпорында құрастыру операциялары арқылы біріктірілмеген және көмекші сипаттағы жалпы Эксплуатациялық қызметтер атқаратын бұйымдардың жиынтығы түріндегі екі және одан да көп бұйымдар комплект деп аталады.

Машина жасау сызбасында ең басты талап оның анық және түсінікті болуы проекцияға қарағанда машина жасау сызбас көп жағдайды ықшамдалып, қосымша мәліметтермен стандартталған. Машина жасау сызбасында проекция осьтері байланыс сызықтары сызылмайды ,теқ қана көрінбейтін контуры ғана сызылады.Сызықтардың көптігі сызбаны оқуды қиындатады ,сондықтан оны ықшамдап сызыды.Машина жасау сызбасына бұйымдардың кескінінен басқа бұйымды дайындауға керекті мәліметтер , құрастыру мен монтаждау кіреді.(мысалы өлшемдері материал маркасы ,техникалық қажеттіліктері және белгіленуі )

Машина жасау сызбасының оқудағы мақсаттар:

1.Сызбадағы кескіндерді салудың ережелерімен танысу.

2.Сызбадағы мен шартты белгілерді білу.

3.Машина жасаудағы стандарт туралы, нәрсенің өлшемдері мен элеметтері және машина жасайтын материалдармен танысу .

4.Бұйым көріністері мен элементтерінің қарапайымдылығы туралы мәлімет алу .

5.Эскиз,жұмыс сызбасы,құрастыру және схема сызудағы дағдыны қалыптастыру

IV Бекіту

  1. Бұйым дегеніміз не?

  2. Өндірістік бұйым дегеніміз не?

  3. Тетік деп неге айтылады?

  4. Құрастырмалы бірліктер дегеніміз не?

  5. Комплекс дегеніміз не?

  6. Комплект дегеніміз не?

V Өзіндік жұмыс

Тетіктің эскизін орындау

V Оқушыларды бағаландыру : үйге тапсырма

Бұйымдар тетіктерді біріктіру туралы жалпы мәліметтер.

Понравился материал? Поделиться:
Классный учитель