М??а?али?а арнау

Предпросмотр файла:

Сағыныш-көктем

Әз Наурызды алып келген көктемім

Жер анаға жарық берер көкте күн.

Тіршілікке жан кіреді ,табиғат-

Құлпырады жасыл желек көктерің.

Құстар келіп ағаштар бүр ашады.

Күн де нұрын жер анаға шашады.

Алты ай бойы мазалаған кәрі қыс,

Етек жеңін жиып қырға асады.

Ақындарда көктер бәлкім ,жыр шыбық

Жер-ана тұр қалжасын жеп күрсініп

Борандарда бауырын сақтаған

Балдарының бітіміне сүйсініп

Бар тіршілік аналардан тараған.

Табиғатты адам ,Жер-анаға балаған.

Қысқы аязды құрсағында сақтаған

Құлынына еміреніп қараған.

Көктем, жазың, күзің, қысың таң бар

кешіксе кезек елім сағынар

Көкке тойса көтерем де мал болады,-

Деді шаруа бетте күлкі табы бар

Көктем келсе емге қар жоқ бір күртік

Шаруа да мәз егінші жүр жер жыртып

Тіршіліктің бәрі тегіс оянған

Құмырсқса екеш, құмырска да жер түртіп

Құстың әні естіледі аспаннан

Бұлақ үні сыңғырлайды тастардан

Көктем менен көңілді бар щат адам

Ойын-күлкі, әзіл –қалжың жастардан

Көктемім сен орны ерекше маусымсың

Бар тіршілік бір өзіңнен басталған

Мұқағалиға арнау

Киелі жырдың маржанын бүгін терейін,

Бойымда барды елім жұртыма берейін,

Мұқағалиды жас ақындардың

Шамам жеткенше мен де дәріптеп көрейін.

Қазаққа мақтан Мұқағали бұл ұлы есім

Поэзияға қосты ғой алтын үлесін.

«Мұзбалақ» ақын атанды неге десеңіз,

Жыр бұлағынан дәм татып көрсең білесің.

Өлең- жыр кеуде кәусар бұлақ боп ақты.

Поэзияда патшаның тәжін тақты ғой.

Жігіттерінен қазағымның дос таба алмай,

Бар мұңын келіп Фариза апаға шақты ғой

Өзі жұмыссыз, баспана да жоқ сол уақта

Не себеп қатал тағдыр деп қоям сұрақты.

«Қалақтай едің қалқайып тұрсың қызым» деп

Майгүлін алып ,талантты тағдыр жылатты

Кейбіреу күлді өлең деп сенің қай теңің,

Қайтсем жазылар тарихта таңба айт елім.

Сыз тартқан бөлме,суық үй болса тұрағың,

Қиындық көрдің, қысқа ғұмырда қайтейі.

Бақытты еді қазақтай дархан ел мына

Мұқағали жыры шарлады ойды қырды да.

Жырдың пырағы сүрініп кетті жазым боп,

Өлең деп соққан ақдүлей боран тынды да

Қысқа ғұмырда қызықтап оқыр жыр қалды.

Қазаққа ортақ қауырсын қалам сынды да,

Тұнық теңізде тайдай тулайтын толқын бар.

Жетісіп келеді жыр жазар жаңа толқындар.

«Есіңе мені алғайсың» деген әніңді

Еске алып сені шырқата салар жұртың бар.

Неғып жатыр тойламай елім деген соң,

Жыл сайын туған күніңді тойлар халқың бар

Понравился материал? Поделиться:
Классный учитель