Интеллектуалды? ойын: «Білгір химик-2015ж»

Предпросмотр файла:

Сыныбы: 8,9

Пән мұғалімі: Ержанова И.А.

Тақырыбы: «Білгір химик-2016ж»

Мақсаты:

оқушыларға химиялық ұғымдарды, реакция теңдеулерін, типтерін, формулаларын дұрыс жазуға, меңгеруге, қалыптастыра отырып, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, шешімді, ұқыпты жұмыс жасатуға үйрету.

Түрі: қорытындылау

Типі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, жұмбақтар,жаттығу жұмастары, т.б.

Көрнекілігі: Д.И. Менделеев кестесі, нақыл сөздер, анкета, тест, дидактикалық материалдар.

Интерактивті тақта, суреттер, т.б.

Сабақты өлең жолдарымен ашамын:

Көңілді тапқыштар, білімділер.

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады :

  1. Таныстыру «Топ басшысы өз тобының атымен мүшелерімен төс белгісімен таныстырады, анкета »

  2. Сергіту сәті (қауіпсіздік тех. ереже . құралдар бойынша)

  3. Сауалғы сұрақтарға жауап

  4. «Жұмбақ арал» біліміңді сына ( тест)

  5. Цейтнот (топ басшыларының бір –біріне кезектесе қоятын сұрақтары)

  6. « Кім жылдам ?»

  7. Жалғастырыңыз

Қатысатын топтар :

    • Қышқылдар

    • Негіздер

І Таныстыру: топ аты, белгісі, мүшелері, ұранымен

ІІ. Сергіту сәті : ( слайттар бойынша көрсету )

Біреуінің жүрегінің түгі бар.

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар.

Біреуінің қатты істейтін миы бар.

ІІІ. Сауалғы сұрақтарға жауап:

  1. Йод тамшысын нанға, картопқа тамызғанда не байқалады? ( нан, картоп кесіндісі көгереді)

  2. Жай заттар дегеніміз не ?

  3. Атом мен молекула ұғымына қашан, қай жерде анықтама берілді? (1860ж. Карлсруэ қаласында дүние жүзілік

химиктер съезінде)

  1. Озон қанша оттек атомдарынан тұрады? (3)

  2. Заттардың қандай құбылыстары бар?

  3. М.В Ломоносов ашқан заң ?(заттар массасының сақталу заңы)

  4. Қандай жолмен алынса да су молекуласының құрамында мутек және оттек мөлшері ? ( О-11,2. Н-88,8/

8.Элементтердің жүйеге келтіру мәселесін орыстың қай ғалымы шешт(

Д.И.Менделеев)

  1. Нағыз металл еместерді не дейміз?

  2. Активтігі өте төмен металдар ( мыс, күміс, сынап, алтын.) 21. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

  3. Ең жеңіл металл ( литий)

  4. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр ( коэффициент)

  5. Күкірт неше валентті (2,4,6)

  6. . Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы ( 23)

  7. Периодтық кесте неше топтан тұрады ? (7)

  8. Атом-молекулалық ілімді ашқан ғалым. (М.В. Ломоносов)

  9. Көмір қышқылының тұзы (карбонат)

  10. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл. (йод)

  11. Айдаар бейнесіне ұқсайтын элемент (S)

  12. Күкірт қышқылының формуласы (H2SO4) Сұйық металл ( сынап)

  13. Реттік саны 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент (калий)

  14. .Адам тыныс алатын газ (оттек)

  15. Қанның құрамына кіретін металл ( темір)

  16. .Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің құрығына ілігеді. (CO2)

  17. .Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады ( қорғасын)

  1. Валентілік дегеніміз не ? ( химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті

  2. Құрам тұрақтылық заңын ашқан кім? Луи Жозеф Пруст)

  3. Ауада қандай газдар қандай көлемде кездеседі ? ( 78/ азот, 21/ оттек, 0,03 / көмір қышқыл. 1/ инертті газдар )

  4. Жылу бөле жүретін Реакция (экзотермиялық ракция)

  5. .Табиғи суды сыртқы түріне қарап таза су деуге болады ма?(жоқ, себебі оның құрамында қоспалар кездеседі)

  6. Адам ағзасында қанша пайыз су кездеседі?(65-70/ )

  7. Олар матаны , қағазды күйдіреді (сілтілер)

33.Индикаторларды ата?

34. .Алюминий не себепті амфотерлі элемент?

  1. Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің құрығына ілігеді. (CO2)

  2. Тұздарды алудың қаншажолы бар? ( 10 )

  3. Көміртегі (ІІ) оксидін алу үшін қандай заттарды әрекеттестіреміз ?

  4. Халькоген элементтер қай топта ?

  5. .Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны ( темір)

ІҮ. « Жұмбақ арал »

Өзім газбын, менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттек)

Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнде. ( су)

Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. ( күкірт)

Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады. ( сутек)

Ол болмаса астың дәмі кермес,

Кім бар екен ортада оны білмес. ( ас тұзы)

Салмағың бар өлшесем,

Көрінбейсің көзге сен. ( ауа)

Өсімдікке нәр беріп, қуат болған.

Өнімі артып, егістің қырман толған,

Бұл қандай зат, қандай өсімдіктің

Беретұғын химиктер жасап қолдан.

( Азот,фосфор, калий тыңайтқыштары)

Табылса бұрын там –тұмнан

Қазір көп әрбір өлкеде

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде (алюминий)

Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

Екі элемент бізге бұрын танылды,

Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,

Қосылысын алып соған ағылды.( су)

Фосфор жақсаң, будақтатып,

Ақ түтінін түзеді.

Ол түтінді су сорып,

Қандай қосылыс түзеді?

( фосфор жанып, фосфор оксидін, ол суды қосып алып, фосфор қышықылына айналады.)

Исі, дәмі де жоқ ұсталмайды

Ол болмаса, тіршілік өмірдіе жоқ

Ол болмаса, отында тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ ( оттек)

Ү. Цейтнот ойыны:.

Топ басшылары сайысқа түседі. Сұрақ кезектесе қойылады. Яғни, біреуі

бір қосылысты атасы, екіншісі соның формуласын жазады. Сайыста

бейорганикалық заттар класының барлығы қамтылуы тиіс(ортада би:

«Ұлытау»)

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып.

Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі оның келіп тұр.

ҮІ. « Кім жылдам ? »

І-топ

CuCL2

  1. Cu → CuO → Cu(OH)2

Cu3(PO4)

2

  1. Бейметалл → қышқылдық оксид → қышқыл → тұз

  2. 2 моль тұз қышқылының массасын есепте

ІІ-топ

  1. Na → Na2O → NaOH → Na2SO4

  2. Металл → негіздік оксид → негіз→ тұз

  3. Фосфор қышқылындағы фосфордың массалық үлесін есеп

ҮІІІ. Жалғастырыңыз: ( Пікірталас)

І-топ Химия пәні –қызық пән…

ІІ-топ Химия пәні –қиын пән…

Химия –ырыс бұлағы, Аялдама, алға ұмтыл

Шалқыған байлық, мол дәулет. Құдіретті біздің ой,

Аялап күтіп тұр алда, Сенде байлық, сенде ырыс

Болашағымыз-нұр дәулет. Сенімен өмір сәнді ғой.

Қорытынды: 1) бағалау

2) марапаттау

Понравился материал? Поделиться:
Классный учитель