Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. (бекіту сабағы).

Предпросмотр файла:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі.

(бекіту сабағы).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

9.2.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу;

Сабақ мақсаттары

сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу

Бағалау критерийлері

  • Қисық графигін салады (түзу, парабола, гипербола, шеңбер);

  • Қисықтың шекараларын анықтайды (берілген аралыққа кіреді не кірмейді);

  • Теңсіздік белгісіне сай аймақты анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады;

— екінші ретті теңдеулерді шешуде геометриялық интерпритациялауға түсініктеме береді;

— теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерінің шешімдерін негіздейді;

— есепті шешу жолдарына түсініктеме береді.

Пәндік лексика мен терминология

  • сызықтық/квадраттық/бөлшек теңдеулер;

  • айнымалы/ось(тер)/масштаб/қисық; — қиылысу/қиылысу нүктесі;

  • мәндер кестесі/нүктелер жиыны; — алмастыру/түрлендіру;

  • түзу/қисық/ график салу; — нүктелерді графикте кескіндеу;

  • қисықты салу; — шеңбердің теңдеуі; — қисықтың теңдеуі;

  • штрихталған аймақ (аудан).

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Оx және Оy осьтері … болып келеді;

  • Түзудегі / қисықтағы нүктелер…

  • Осылайша түзу … болып келеді;

  • х және у осьтерінің координаталары оң немесе теріс;

  • Координаталар реттелген жұп түрінде … жазылады;

  • Теңдеудің түбірлері … қиылысу нүктелері болып табылады;

Дифференциация түрі

Оқыту формасына сәйкес, қолдау деңгейіне қарай саралау.

Құндылықтарды дарыту

Академиялық адалдық, ашықтық, ынтымақтастық, құрмет, өмір бойы білім алуға құштарлық.

Құндылықтар жұптық және топтың жұмыс түрлерімен жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Омірмен байланысты

АКТ қолдану дағдылары

https://www.geogebra.org/classic или https://www.desmos.com/calculator

Бастапқы білім

Теңдеулерді, теңдеулер жүйесін және теңсіздікті шешу әдістерін білу; графиктерді сызу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Амандасу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Алдыңғы сабақта әзірленген бағалау критерийлеріне сәйкес дайын жауап бойынша үй тапсырмаларын өзара бағалау

1-қосымша

Білімді жаңғырту

10 мин

«ДОМИНО» (сәйкестендіру ойыны) сын тұрғысынан ойлау техникасы.

Тапсырманы оқушылар жұптаса орындайды.

START

FINISH

Нәтижелерді қорытындылау. Этап рефлексиясын жүргізу.

2-қосымша

Мақсатты анықтау

2 мин

Сабақ тақырыбына шығу. Мақсатты анықтау. Сабаққа арналған критерийлерді анықтау.

Жұптық жұмыс

10 мин

Оқушылар жұбымен бірге 3 тапсырманың кез-келгенін орындайды (таңдау бойынша). Шешімін А4 қағазына жазады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін студенттер өз шешімдерімен алмасып, оларды «2 жұлдызды 1 тілек» стратегиясына сәйкес тексереді. Күрделілік бойынша саралау.

1-тапсырма . Берілген сызба бойынша сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін жасаңыз (екі теңсіздіктің қиылысуы):

2-тапсырма. Берілген сызба бойынша сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін жасаңыз:

3-тапсырма. Берілген сызба бойынша сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін жасаңыз (үш теңсіздіктің қиылысуы):

Дискрипторлар

  • Сызбада берілген қисықтың теңдеуін құрастырады

  • Сәйкес теңсіздікті жазады

  • Дұрыс теңсіздіктер жүйесін құрастырады

Жауаптар:

1.

2.

3.

3-қосымша

Топтық жұмыс

10 мин

Оқушылар қалауы бойынша 3 топқа топтастырылады. Оқушылар ұсынылған тапсырманың бірін таңдап алады, осы жүйені A4-ке жазады. Осы, құрастырған теңсіздік жүйелеріне дескрипторлар құрастыру қажет.

Тапсырма. Сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін құрастырыңыз.

1-вариант — параболаны қолданып, шешімі жоқ теңсіздіктер жүйесін

2-вариант – гиперболаны қолданып, шешімі бар теңсіздіктер жүйесін

3-вариант – шеңберді қолданып

4-вариант – гипербола мен шеңберді қолданып

5-вариант – парабола мен гиперболаны қолданып

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар парақтарын бір-бірімен алмастырады.

4-қосымша

Рефлексия

2 мин

Жазбаша түрдегі кері байланыс.

«Ұстазға хат» рефлексиясы. Оқушылар осы сабақтан алған білімдерін, қиындық туғызған этаптарды және әлі бекітуді және қайталауды қажет ететін кезеңдерді атап шығады.

Үй тапсырмасы

Оқушылар топтаса сыныптағы тапсырмаларды орындайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Понравился материал? Поделиться:
Классный учитель